Денацификация

Қоғамды, мәдениетті, баспасөзді, экономиканы, білім беруді, заңнаманы, саясатты және басқа салаларды нацистік идеологияның әсерінен тазарту.




Бұл термин екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия мен Австрия қоғамындағы нацистік мұраны жоюға қатысты қолданылды. Денацификация Потсдам конференциясы негізінде нацистік Германияны жеңгеннен кейін Гитлерге қарсы коалицияға мүше одақтастардың бастамасымен жүргізілді.


Потсдам конференциясының қорытындысы бойынша мынадай шаралар әзірленді: фашистерді барлық лауазымдардан алып тастау, Ұлттық социалистік партияны және оның филиалдарын жою, бейбітшілік пен адамзатқа қарсы қылмыстар үшін кінәлілерді сотқа тарту, нацистік заңнаманы жою.


Германия мен Австрияда Үшінші Рейх құлағаннан кейін жергілікті денацификация комиссиялары құрылды. Барлық немістер бес санатқа бөлінді: «негізгі кінәлілер»,«кінәлілер»,«ішінара кінәлілер»,«кездейсоқ қатысушылар» және «қатысы жоқтар».


Бас қылмыскерлерді Нюрнбергтегі халықаралық әскери трибунал, гестапо (Құпия мемлекеттік полиция), СС («күзет жасақтары»), СД (қауіпсіздік қызметі) қылмыстық ұйымдар деп жариялады.


Германияда денацификация, болған оқиғаны түсіну және кінәні өтеу процесі әлі де жалғасуда. Былтыр концлагерьде жұмыс істеген 96 жастағы неміс әйелінің соты өтті.


«Денацификация» сөзін Ресей президенті Владимир Путин мен басқа да жоғары лауазымды шенеуніктер белсенді қолданады. Олар осылайша Ресей әскерінің Украинаға басып кіруін ақтайды.


Дұрысында Украинаны фашистерден, нацистік көзқарастағы адамдар мен идеологиядан тазарту керек, —  деп Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.


Украина президенті Владимир Зеленский «Украинадағы нацизм» (ұлтшылдық) жөніндегі мәлімдемелерді жоққа шығарды:


Сіздердің жаңалықтарыңыздағы Украина мен нақты өмірдегі Украина —  екі түрлі ел. Сіздерге бізді фашист деп көрсетуде. Нацизмді жеңу үшін сегіз миллионнан астам азаматының өмірін құрбан еткен халық нацизмді қолдай ала ма? (екінші дүниежүзілік соғыс жөнінде айтылған — ред.)


 


03/03/2022 12:33 3754 0

03/03/2022
12:33 3754 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление